Ағымдағы жылғы 14 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуына бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бағалау, сондай-ақ Индустриалдық парктің даму деңгейін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ә.С. Байдәулетова БЖК бағдарламасының үйлестірушісі ретінде Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен аймақтарда кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын негізгі фактор болып табылатын артық әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстар тиісті түрде белсенді жүргізілмейтінін; БЖК бағдарламасы шеңберінде жобалардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында (67,5%) жүзеге асырылады, бұл Бағдарламаның негізгі міндеттеріне сәйкес келмейтінін; ҮИИД, БЖК 2020 және ЖҚЖК 2020 бағдарламаларының үйлестірушілері болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдар арасында нақты қарым-қатынастар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы орган құрылымының арасында қарым-қатынастардың жоқтығын; Білім басқармасымен БЖК бағдарламасы шеңберіндегідей бірдей мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстар жеткізілетінін; Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде даярланған түлектердің саны Астана қаласының еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес келмейтінін, сондай-ақ, «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасымен АЭА қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге жауапты атқарушы орган ретінде АЭА аймағында қызмет ететін кәсіпорындарға төмен үйлестірушілік пен мониторингтің жүргізілетінін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.