Ағымдағы жылғы 19 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Білім басқармасына және оның бағынысты ұйымдарына бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау, сондай-ақ Астана қаласы Білім басқармасының стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ә.С. Байдәулетова Астана қаласының Білім басқармасымен 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда қарастырылған көрсеткіштерге жыл сайын қол жеткізілмейтінін, яғни 2012 жылы 6 көрсеткішке және 2013 жылы 3 көрсеткішке қол жеткізілмегенін; жалпы білім беру мектептерінде оқу орындарының тапшылығын азайту және жалпы білім беру мекемелерінде үш ауысыммен оқытуды жою мәселелері шешілмей тұрғанын; мектептердегі компьютерлік және басқа да техника оқу жұмыстарының түрлері мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ білім жүйесін басқару тиімділігін арттыру үшін заманауи ақпараттық технологияларды толық мөлшерде пайдалануға мүмкіндік берілмейтіндігі; күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін шығындар 2012 жылы 16 мектепте және 2013 жылы 40 мектепте жалпы білім беру мектептерінің ағымдық қамтамасыз ету шығыстарының 1%-дан кем құрайтынын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.