Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында мемлекет активтерінің басқарылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрман соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың анағұрлым арттырылғанын, сондай-ақ оның әрі қарай даму перспективаларының құрылғанын, ол өз кезегінде жоғары қаржылық тәртіпті қажет ететінін атап өтті.
Алайда, №№ 5,6,7 Қалалық емханаларда және «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ МКК-да жүргізілген бақылау іс-шараларымен қалалық медициналық ұйымдарында қаржылық тәртіпті жоғарлату бойынша Тексеру комиссиясының бұдан бұрын берген ұсыныстарына қарамастан қаржылық есептілік көрсеткіштерін және сәйкесінше бухгалтерлік есепті де бұрмалау тенденциясы әлі де сақталғаны анықталды.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласының ең негізгі мәселелерінің бірі болып денсаулық сақтау жүйесінде мамандардың тапшылығына алып келген мамандардың тұрақтамаушылық мәселесі болып тұрғаны атап өтіледі.
Денсаулық сақтау саласында анықталған бюджеттік және басқа да заңнамалық жүйелік бұзушылықтары, сондай-ақ анықталған кемшіліктер мен мәселелер Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жіберілген төмен деңгейдегі бақылаудың және үйлестірудің салдары болып табылады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.