Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласының Салық департаментінде 2012-2013 жылдарға жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыста Тексеру комиссиясының мүшесі Ш.Ө. Жанбосынов Салық департаментінің және оның ведомстволық бағынысты салық басқармалары жұмыстарының тиімділігін бақылаудың қорытындысы, бақылау объектілерінің қызметі бюджетке түсетін төлемдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуіне бағытталғанын және бұл мемлекеттік орган қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Нәтижесінде, жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсімі, алым-салық қалдықтарын азайту бойынша оң тенденциясы байқалады, елорданың салық органдарымен салықтық қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша сот органдарына жүгіну тәжірибесі белсенді қолданылуда.

Сонымен бірге, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету салықтық әкімшілендірудің жақсаруына ғана байланысты емес, көп жағдайда елорда дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуіне де байланысты екенін атап өтеміз.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуіне жүргізілген талдау елорданың салық органдары қызметтерінің кейбір кемшіліктерін көрсетті, атап айтсақ, жергілікті бюджеттің барлық кодтары бойынша тексерістер саны және қайта есептелген сомалар бойынша көрсеткіштер жыл сайын төмендеп жатқанын көрсетті; кейбір жағдайларда оларды алуға байланысты салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы ақпараттарды меңгерген өкілетті органдармен тиісті қарым-қатынастың жоқтығы; жергілікті бюджетке салықтық емес төлемдерді дұрыс есептеу, өндіріп алудың толықтығы және аударымдардың уақтылылығы мәселелері бойынша өкілетті органдардың қызметтерін тексерудің жоқтығы болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер