Ағымдағы жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың резерв қаражатының пайдаланылуын бақылау, сондай-ақ Астана қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерінің пайда болуының анықтығы мен негізділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Бақылау барысында өткен жылдардың мерзімі өтіп кеткен кредиторлық берешектердің бар болуы фактілері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен оларды жою бойынша шаралар қолданылмауы, сондай-ақ кредиторлық берешектің туындауына себепші болған қолданыстағы заңнаманы бұзу жағдайлары анықталды.
Сондай-ақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша кредиторлық берешектің өсуі байқалады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.