Ағымдағы жылғы 15 мамырда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің кезекті алтыншы отырысы өтті
Отырыс Есеп комитетінің төрағасы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы Қозы-Көрпеш Есімұлы Жаңбыршинның жетекшілігімен өткізілді.
Отырыста Тексеру комиссияларының қызметіндегі өзекті мәселелері, мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) органдарымен тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай принциптер мен әдістерді қолдану ережелерінің жобасы, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған заңнаманың кемшіліктері мен бұзушылықтарына мониторинг енгізуді талдау, бақылау нысандары бойынша, республика бойынша берілген бірыңғай ақпараттық дерекқорды қалыптастыру және енгізу туралы мәселелер қарастырылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.