Ағымдағы жылдың 16 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2013 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Есебін қарастыру және мақұлдау жөнінде отырысы өткізілді
Отырыс барысында өзiнiң мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2013 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Есебі қарастырылды.
Есепте негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ұсынылды, талдау жасалып, жергілікті бюджеттің атқарылуына баға берілді.
Есепте әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан іс-шараларды талдауға, инвестициялық жобалардың іске асырылуына айрықша назар аударылды, сондай-ақ елордада іске асырылатын жекелеген мемлекеттік және салалық бағдарламалық құжаттардың орындалуына тиімді бағалау жүргізілді.
Жүргізілген талдау негізінде Астана қаласы бюджетінің атқарылу сапасын және тиімділігін арттыру бойынша тиісті тұжырымдар қалыптастырылып, ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен Астана қаласының мәслихатының қарауына Есепті енгізу туралы тиісті қаулы қабылданды.