Ағымдағы жылғы 21 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында «Астана орманы» ЖШС жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.

Тексеру комиссиясымен Серіктестіктің қызметі Астана қаласының жасыл белдеуін (жасыл аймағын) құруға бағытталғанын, оның квазимемлекеттік сектор субъектісін құрудың Жарғысы, негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіні анықталды.

Сонымен бірге, Серіктестіктің «1С Бухгалтерия» автоматтандырылған жүйесінде бухгалтерлік есепті жүргізу бөлігінде, кейіннен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алғанда қаржылық есептіліктерде мәліметтердің бұрмалануына алып келген жеткіліксіз деңгейдегі жұмысы байқалуда.

Бұдан басқа, бюджет қаражаттары есебінен жарғылық капиталды ұлғайту жолымен Серіктестіктің қаржылық-экономикалық жобаларын құруда, оның ішінде бюджеттік инвестициялардың экономикалық негіздемелігі бөлігінде жекелеген бұзушылықтар анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер