Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142-бабына сәйкес, мәслихатқа өзiнiң мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2013 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі ұсынылды

Ағымдағы жылдың 23 мамырында құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мүшелерінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мүдделі жақтардың қатысуымен Астана қаласы бюджетінің атқарылуының негізгі қорытындылары толықтай талқыланды.

Тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін кезектен тыс сессиясында қарау ағымдағы жылдың 28 мамырына жоспарланған.