Ағымдағы жылғы 18 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың және «Астана Эко-Полигон НС» ШЖҚ МКК мемлекет активтерінің басқару тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.

Тексеру комиссиясымен Басқарманың жоспарланған көлемде нысаналы индикаторлардың жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізбегендігі анықталды. Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері бірсарынды болып келеді, әр бюджеттік бағдарламаның мақсаты әр түрлі болғанымен, бұл формалдық әдістемені айқын көрсетеді.

Басқармамен мемлекеттік қабылдау комиссиясының жекелеген актілеріне аяқталмаған және орындалмаған жұмыс көлемі бар болса да қол қойылған. Бұл ретте, бекітілген жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу фактілері анықталды.

«Астана Эко-Полигон НС» ШЖҚ МКК мемлекет активтерінің басқару тиімділігін бағалаудың қорытындысы Полигонда қоқыс өңдеуші комбинаттың келісімшарттық міндеттемелерді сақтамауынан қатты-тұрмыстық қоқыстардың ұлғаюы байқалады, бұл әрі қарай Полигон алаңының мезгілсіз асыра толуына алып келеді.

Бұдан басқа, Кәсіпорын қызметінде санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды сақтау бойынша жекелеген кемшіліктер орын алып отыр, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуде өрескел бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, Кәсіпорынның монополистік жағдайына және жоғары кірістеріне қарамастан, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша Кәсіпорын шығынды болып табылады.

Осылайша, Кәсіпорын қызметінде бюджеттік және басқа да заңнаманың анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бар кемшіліктер өкілетті басқару органы тарапынан тиісті бақылаудың және жұмысты үйлестірудің жоқтығы салдарынан болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулылар қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер