Ағымдағы жылғы 30 қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бірлескен отырысы өтті
Отырыс барысында «2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау, сондай-ақ оны іске асыруға бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау» бірлескен бақылау іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Бақылаудың қорытындысы жауапты орындаушылар - жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасына жеткілікті бақылаудың және мониторингтің жоқтығын көрсетті.
Есептік мәліметтерге сәйкес, Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 2011-2013 жылдары бірінші кезекте және дағдарысқа қарсы іске асыруға жоспарланған іс-шаралар, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші кезегінде көзделген қаланы дағдарыстан кейінгі дамытуға дайындау іске асырылып, шешуші индикаторларға қол жеткізілді.
Алайда, бірлескен бақылаудың нәтижесі жауапты орындаушылар - жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан жеткілікті бақылаудың және мониторингтің болмауынан Дамыту бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын іске асыру нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамаумен орын алғанын көрсетті.
Бұдан басқа, жоспарланған іс-шараларды іске асыру сапасы мен тиімділігіне ықпал еткен жүйелі кемшіліктер анықталды.
Жергілікті атқарушы органдар үшін бірыңғай көрсеткіштер тізімінің шешуші параметрлерін бірнеше рет түзету Бағдарламаны тиісінше өзгертуге алып келді.
Нәтижесінде, 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы бағыттар бөлігінде шешуші параметрлердің саны азайды, оның ішінде мақсаттар саны 15-тен 14-ке азайды, міндеттер 49-дан 25-ке төмендеді, көрсеткіштер 456-дан 133-ке қысқарды.
Отырыс қорытындысы бойынша жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті бірлескен қаулы қабылданды.