Ағымдағы жылғы 28 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің кезекті жетінші отырысы өтті

Отырыс Есеп комитетінің төрағасы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршинның жетекшілігімен өткізілді.

Отырыста мемлекеттік аудитке өту бойынша міндеттер, мемлекеттік аудитке өту кезінде мемлекеттік аудит және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл принциптері, сыртқы мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу және енгізу, мемлекеттік аудиторларды қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және оларды сертификаттау жүйесін енгізу, мемлекеттік аудит нәтижелерін тану туралы мәселелер қарастырылды.

Өз кезегінде, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы Ғ. Молдаш мемлекеттік аудиторларды қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және оларды сертификаттау жүйесін енгізу мәселесі бойынша қосымша баяндамашы ретінде сөз сөйледі.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Сөйлеген сөзі осы жерде