Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында 2014 жылдың 24 желтоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алумен ескерту» тақырыбына құқықтық оқу өткізілді
Үстіміздегі жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен ескерту» тақырыбына қатысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңес хатшылығының бөлім басшысы М.Е. Батырхановтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанттары Т.Ж. Набиеваның және А.М. Хасенованың қатысуымен құқықтық оқу өткізілді.
Құқықтық оқуды өткізу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлері баяндамалар жасады.
Баяндамаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер беріп өтті. Сонымен қатар Астана қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға нақты мысалдарды келтіре отырып, жиналыс қатысушыларына жеткізді.
Өз кезегінде Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі Елбасымыздың тікелей назарында екендігі және бұл орайда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметіне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органы ретінде үлкен жауапкершіліктер жүктелгендігін атап өтті.
Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясы
24.12.2014 жыл