Ағымдағы жылғы 23 қаңтарда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының аудандық әкімдіктеріне 008, 009, 011 бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалаудың, сондай-ақ «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Тексеру комиссиясымен Астана қаласының аудан әкімдері аппараттарының қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін сақтамаумен байланысты жекелеген жүйелі бұзушылықтардың орын алатыны анықталды.
Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларының және Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтiп ұстау мен қорғау қағидаларының жекелеген нормалары іске асырылмай отыр.
Абаттандыру объектілерінің, оның ішінде жасыл отырғызғылардың қажетті техникалық (жобалық) құжаттамаларының бар болуына тиісті есеп жүргізілмейді.
Сонымен қатар, «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ-ның Астана қаласының аудан әкімдері аппараттарымен жасалған келісімшарттарды орындау кезінде жеткіліксіз жұмысы атап өтіледі, бұл мемлекеттік сатып алулар саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген нормаларының және жасылдандыру саласында Қазақстан Республикасының ҚНжЕ талаптарының сақталмауына себепші болды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.