2015 жылдың 28 қаңтарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясына жаңадан қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің Ант беру рәсіміне арналған салтанатты жиналысы өткізілді
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант беруі тиіс.
Осыған орай, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясына конкурстық негізде жаңадан қабылданған 3 қызметкердің арнайы тексеру нәтижесінен өткендігіне байланысты ант беру рәсіміне арналған салтанатты жиналысы өткізілді.
Өз кезегінде, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш ант берген қызметкерлерге құттықтау сөз арнады.
Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнің орындалуымен аяқталды.