2015 жылдың 24 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бастамасымен Астана қаласының құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, процессуалдық шешімдер қабылдау үшін бақылау материалдарын беру мәселесі бойынша сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы қарастырылды
Отырыста Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М. М. Ахметов сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарының арасында өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныспен баяндамасында сөз сөйледі.
Отырыстың нәтижесі бойынша Үйлестіру кеңесімен мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және Астана қаласының құқық қорғау органдарымен орындалуға міндетті болып табылатын ұсыныстар қабылданды.
Баяндаманың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. Баяндама