Ағымдағы жылғы 19 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылаудың қорытындысы шығарылды.
Басқарманың қызметі тұрғындарды өнімді жұмыспен қамту және тиімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша мақсаттарға жетуге бағытталған.
Сонымен қатар, Басқарманың жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмысы байқалып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының бұзушылығына алып келді.
Басқарма қызметкерлерінің заңды сауаттылығын жоғарлату бойынша жұмысты әлсіз ұйымдастыру және соның салдарынан Басқарма қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық базаны жақсарту бөлігінде ұсыныстар мен нақты қадамдардың жоқтығы Басқарманың негізгі проблемасы болып табылады.
Басқарма бюджетін әрі қарай тиімді жоспарлау мақсатында негіз және база болып табылатын іс-шаралар бөлігінде көрсетілетін қызметтер бойынша сапалы талдау жүргізу бөлігінде проблемалық мәселелер орын алып отыр.
Басқарманың қызметін жақсарту мақсатында азаматтардан өтініштерді қабылдаудан бастап оларды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды логикалық аяқтауға дейін тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша Басқармамен жүргізілетін процестерді барынша автоматтандыру қажет.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.