Ағымдағы жылғы 19 наурызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Отырыс барысында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «М. Горкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК және «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК-да бюджет қаражаттары мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалаудың қорытындысы шығарылды.
Театрлар қызметінің басты мақсаты тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын театрлық-көріністік іс-шараларды, қойылымдар мен спектакльдерді ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған.
Бақылаудың қорытындысы театрларда жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмыс жүргізіліп, Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларының бұзушылығына алып келгенін көрсетті.
Атап өтсек, театрлар қызметінің негізгі мәселесі төмен қаржылық тәртіп болып табылады, соның нәтижесінде бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікті әзірлеу кезінде бұзушылықтар жіберілуде.
Басқа ұйымдарға бекітілген прейскурантта көрсетілген бағадан төмен бағада қызметтер ұсыну тәжірибесі орын алып отыр.
Сондай-ақ, еңбекақы төлеу қорын жоспарлауда, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын сақтамау кезінде жүйелік бұзушылықтар анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.