Ағымдағы жылдың 15 мамырында Тексеру комиссиясының отырысында өзiнiң мазмұны бойынша Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2014 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Есебі қарастырылды және мақұлданды
Есепте негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ұсынылды, талдау жасалып, жергілікті бюджеттің атқарылуына баға берілді, қала тұрғындарына әлеуметтік маңызды Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының және басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуының аралық қорытындысы мазмұндалды.
Сонымен бірге, елордада бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекет активтерінің және бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігі мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Жүргізілген талдау негізінде Астана қаласы бюджетінің атқарылу сапасын және тиімділігін арттыру бойынша тиісті тұжырымдар қалыптастырылып, ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен Астана қаласының мәслихатының қарауына Есепті енгізу туралы тиісті қаулы қабылданды.