Ағымдағы жылдың 22 мамырында Астана қаласы мәслихатының елу екінші кезектен тыс сессиясының отырысында өзінің мазмұны жағынан елорда әкімдігінің 2014 жылғы тиісті есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2014 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Есебі қарастырылды және бекітілді
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш 2014 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуының негізгі қорытындыларын ұсынып, 2014 жылғы Есептің негізгі бағыттарын жариялады, мұнда елордада бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалауға, қаланы дамытуға және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне айрықша назар аударылды.
Қорытындысы бойынша, мәслихат депутаттарымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ете отырып, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізумен бюджеттік бағдарламаларды сапалы және тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар берілді.