Ағымдағы жылғы 16 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында әлеуметтік салдары бар ауруларға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудың және мемлекет активтерін басқарудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылау қорытындысы «Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК қызметінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама талаптарының бұзылуына әкеліп соқтырған жекелеген кемшіліктер бар екендігін көрсетті.
«Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК штаттық кестесі жекелеген ұстанымдар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттарына және штаттық нормативтеріне сәйкес келмейді, палаталардағы кейбір жайлар санитарлық нормаларға сәйкес емес, бухгалтерлік есеп және есептілік тиісті деңгейде жүргізілмейді.
Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына және «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.