Ағымдағы жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Есіл-Астана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылу және мемлекет активтерінің басқарылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылаудың қорытындысы Кәсіпорынның қызметі Астана қаласының әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзені арнасындағы тұрғындарға мәдени-сервистік қызметтер көрсетуге бағытталғанын және жалпы алғанда Жарғыға сәйкес келетінін көрсетті.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама рәсімдерін және басқа да талаптарын орындау тәртібін сақтамауға қатысты бұзушылықтар фактілері, жалпы сомасы 401 043,8 мың теңгеге негізгі құралдарды пайдаланбау фактілері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына және «Есіл-Астана» МКҚК-ға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.