Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасына бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылаумен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасымен бюджеттік өтінімдерге қоса ұсынылатын есеп-қисаптардың толықтығы және дұрыстығын, жасалған келісімшарттар бойынша төлемдерді қамтамасыз ету бөлігінде бюджеттік заңнама талаптарының сақталмайтындығы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және есептілік тиісінше түрде жүзеге асырылмайтындығы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының сақталмайтындығы атап өтіледі.
Бұдан басқа, Басқарманың бюджеттік бағдарламаларында жекелеген түпкілікті нәтижелер және тікелей нәтижелер көрсеткіштері қарастырылмаған, бұл мемлекеттік орган қызметі көрсеткіштерінің тиісінше түрде жоспарланбайтындығын айғақтайды.
Кейбір тұлғаларды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне қайталап оқыту тәжірибесі байқалады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.