Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде мәдениет, денсаулық сақтау, туризм, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына арналған «Астана қаласының әлеуметтік саласындағы нысандардың қызметіндегі кемшіліктер» тақырыбында семинар-кеңес өтті
Кездесуде Тексеру комиссиясының мүшелері Ғ.П. Құрман, М.М. Ахметов, Ә.С. Байдәулетова баяндама жасады, елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, туризм, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметтерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын қолдану бойынша сұрақтар қарастырылды.
Семинар-кеңес жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануда тиімділікті жоғарылату сонымен бірге, Тексеру комиссиясының ұсынымдарын қолдану және бағдарлама әкімшілерімен бірлесіп, туындайтын мәселелерді жою айрықша назарға алынды.
Одан басқа, Қазақстанның 2011 жылдан бастап қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарына кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылғаны белгілі.
Семинар-кеңесте квазимемлекеттік сектордың қаржылық есептілікті дайындау барысында халықаралық стандарттарды дұрыс қолдану мәселесі жеке сұрақ ретінде талқыланды.
Мемлекеттік кәсіпорындардың көрсеткіштері қысқа мерзімді нәтижелерге бағдарланған, мұнда олар мерзімі ұзартылған міндеттемелерге және кірістерге қатысты есепке мониторинг жүргізбейді.
Стандарттар мемлекеттік секторға икемді деп саналады, дегенмен бүгінгі күнде стандарттарды қолдануда және оны түсінуде сұрақтар бар, осы сұрақтар «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының дәріскерінің және Астана қаласының мәдениет, денсаулық сақтау, туризм, дене шынықтыру және спорт ұйымдарынан шақырылғандардың қатысуымен бірге семинар-кеңесте талқыланды.
Семинар-кеңеске Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есілов, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшылары, Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы және сонымен бірге ҚР ішкі аудиторлар Институтының өкілі қатысты.
Семинар-кеңеске барлығы елорданың 85 астам ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары мен қаржылық қызметінің жұмысшылары қатысты.