Ағымдағы жылғы 23 қазанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында көлік инфрақұрылымын күтіп ұстауға және дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылаумен Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Астана қаласының автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту (жөндеу), жол-көше желілері объектілерін және жол инфрақұрылымын ұйымдастыру және бақылау бойынша өзінің функцияларын тиісінше орындамайтындығы атап өтіледі.
Анықталған бұзушылықтар авторлық және техникалық қадағалау келісімшарттарын жасаусыз жұмыстарды жүргізу бөлігінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама талаптарының нормалары жүйелі түрде сақталмайтындығын айғақ етеді.
Жасалған келісімшарттар бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтаудың нормативтік мерзімдері сақталмай отыр.
Жол-құрылыс жұмыстарын сапасыз орындау жағдайлары да орын алған.
Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.