Ағымдағы жылғы 30 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылаумен Басқарманың қызметі тұтастай алғанда оның қызметін белгілейтін және реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келетіндігі атап өтіледі.
Бұл ретте, бақылаумен Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің рәсімдік бұзушылықтарының жекелеген фактілері анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.