2015 жылғы 30 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді
Салтанатты іс-шараға Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары және бас инспекторлар қатысты.
Кіріспе және құттықтау сөзбен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш сөз алды.
Тексеру комиссиясының төрағасы өз сөзінде еліміздің дамуы мен қалыптасуындағы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі туралы, Тұңғыш Президенттің тарихи жасампаз еңбегі мен оның әлемдік қауымдастықта қадірлі әріптестік құрудағы сіңірген еңбегін, экономикалық қуатты, демократиялық дамыған, әлеуметтік жауапты мемлекет құрудағы сіңірген еңбектері туралы баяндады.
Салтанатты іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған Жолдауы талқыланды.