Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Энергетика басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылаумен Астана қаласында елорда тіршілігінің әрі қарай дамуына және қамтамасыз етуге бағытталған жылу және электр желілерін кезең-кезеңімен салу және жаңартудың іске асырылып жатқандығы атап өтіледі.
Сонымен қатар, жылу энергетикасы жүйесі нысандарын салу барысында құрылыс мерзімін ұзарту, сондай-ақ жобалар бойынша бюджет қаражаттарын қайта бөлу бөлігінде көптеген қосымша келісімдер жасалуда.
Бұдан басқа, жылу және электр желілерін салу және жаңарту жобалары жер телімдерімен уақтылы қамтамасыз етілмей, бұл жекелеген бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерінің созылып кетуіне әкеліп соқтырады.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.