Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды
Бақылаумен Басқарманың орындалмаған жұмыстар және көрсетілген қызметтерге негізсіз төлем жүргізу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарын сақтамайтындығы, сондай-ақ жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының нормаларын сақтамайтындығы атап өтіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен жобалар арасында бюджет қаражаттарын қайта бөлу тәжірибесі, сондай-ақ аяқталған нысандарды қаланың коммуналдық меншігіне уақтылы бермеу жалғасуда.
Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.