2016 жылғы 22 қаңтарда жиналыс өтті, онда Тексеру комиссиясының 2015 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылды
Өткен жылдың қызметінің негізгі қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш сөз сөйледі.
Жиналыста Тексеру комиссиясының қызметкерлері арасындағы байқаудың нәтижелері шығарылды.
«Үздік аудитор-2015» номинациясы бойынша мақтау қағазымен және естелік сыйлықтармен бөлім басшысы Шынар Байсейітова марапатталды.
«Үздік қызметкер-2015» номинациясы бойынша Лаура Тәжімбетова марапатталды.