Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласында ақпараттық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізудің қорытындысы қарастырылды
Аудитпен, жалпы алғанда Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларымен, сондай-ақ «Астана жастары» КММ-мен жоспарланған әлеуметтік маңызды және мәдени-имидждік іс-шаралар уақтылы орындалатыны және де бұл қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететіні атап өтіледі.
Сонымен қатар, елорда имиджін арттыруға және тұрғындар мен елорда қонақтарының бос уақытын өткізу сапасын көтеруге жүргізілетін әлеуметтік маңызды және мәдени-имидждік іс-шаралардың ықпал ету дәрежесін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілмейді.
Мемлекеттік органдардың қызметінде әлеуметтік маңызды және мәдени-имидждік іс-шараларды жүргізуге бағытталған бюджет қаражаттарын жоспарлау кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктер бар, сондай-ақ ұйымдар арасында кейбір функциялардың қосарланушылығы байқалады.
Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті мемлекеттік органдарға және ұйымдарға тиісті тапсырмалар және ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.