Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 1-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихатына өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2015 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есеп ұсынылды
Ағымдағы жылғы 18 және 19 мамырда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мүдделі жақтардың қатысуымен 2015 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебінің негізгі мәселелері толықтай талқыланды.
Қарастырудың қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялармен Тексеру комиссиясының 2015 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат сессиясына шығару жөнінде шешім қабылданды.