Ағымдағы жылдың 29 маусымында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының балалар спорт мекемелерінде, мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің қорытындысы қарастырылды
Жалпы алғанда, аудитпен қамтылған елорда мектептері, спорт және мектепке дейінгі ұйымдармен балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша тиісті шаралар қолданылатыны аудитпен атап өтіледі.
Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті, мемлекеттік сатып алуды жүргізуде, сондай-ақ санитарлық ереже талаптарын сақтау бойынша жекелеген кемшіліктер мен бұзушылықтар орын алды.
Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.