2017 жылғы 27 сәуірде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті
«Балаларға қосымша білім беруге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор активтерінің басқарылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары жасалды.
Аталмыш мемлекеттік аудитпен 14 объекті, оның ішінде 10 объекті үстеме тексерумен, 5 887,4 млн.теңге жергілікті бюджет қаражаты қамтылды.
Осылайша, 2016 жылы елордада қосымша біліммен қамтылған балалардың саны 2015 жылмен салыстырғанда артуына қарамастан, олардың жалпы мектеп оқушылары санымен салыстырғандағы үлесі төмен екендігі атап өтілді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында білім саласындағы қосымша білім беру ұйымдарының мемлекеттік бюджеттен міндетті қаржыландыруға жататын шығыстарының баптары реттелмеген, бұл бюджеттен қаражат бөлу кезінде жүйеліліктің болмауына әкеп соғады.
Қосымша білім беру қызметтерін көрсету кезінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан балаларға жеңілдік беру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген және тек қосымша білімі беру ұйымдарының ішкі құжаттарына негізделеді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 261,4 млн. теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 0,5 млн. теңге және жалпы сомасы 3 905,2 млн. теңгеге рәсімдік бұзушылықтың 270 фактісі анықталды.
Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша 25 ұсыным және 22 тапсырма берілді.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.