Есеп комитетінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті
Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің жұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.
Отырыс қатысушылары мемлекеттік аудит органдары функцияларының қайталануы және олардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне баса көңіл бөлді.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш өз сөзінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қолданыстағы заңнамада мемлекеттік аудит жүйесінің барлық органдарының функциялары мен өкілдіктері қайталануының болуы тұрғысында толығымен тексеру және бағалау жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Сонымен бірге, ол тексеру комиссияларын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қарамағына беру арқылы құрылымын өзгерту бойынша өзекті мәселені қарастыруды ұсынды.
Отырыс барысында талқылау нәтижесінде аталмыш мәселелер бойынша бірыңғай келісілген ұстанымды әзірлеу мақсаттылығы туралы шешім қабылданды.