Үстіміздегі жылдың 19 қаңтарында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау бойынша кеңес өтті
Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының елдегі реформалардың қисынды жалғасы болғанын және белгілі бір дәрежеде Қазақстан халқына 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының әрі қарай жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің 2018 жылы бағыт алуы тиіс он міндетті белгіледі.
Жолдаудың негізгі тұстарын «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазина мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясының қылмыстық құқық және үрдістер кафедрасының меңгерушісі Мұхтархан Айдарханұлы Ұтанов егжей-тегжей түсіндірді.
Атап айтқанда, дәріскерлермен адами капиталға, мемлекеттік басқару жүйесіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және заң үстемдігіне қатысты Жолдаудың 7, 8 және 9-бағыттары егжей-тегжей талқыланды.