Үстіміздегі жылдың 16 ақпанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасына жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

Жалпы алғанда, Басқарманың инвестициялар тарту, индустриялық-инновациялық бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру және туристік қызметті үйлестіру бойынша қызметі оң бағаланады.

Сонымен бірге, мемлекеттік аудитпен жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттың жете тиімді пайдаланылмайтыны анықталды.

Мысалы, 2015 жылы «Астана қаласының аумағында қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу» және «Электромобильдерге арналған қуаттау станцияларының инфрақұрылымын салу» жобаларын сүйемелдеуге жұмсалған бюджет шығыстары 142,9 млн. теңгені құраған, бұл ретте осы жобалар жер учаскелерін орналастыру схемаларының нұсқалары мен оларды ұзақ мерзімге жалға алу құқығының болмауымен байланысты соңына дейін жеткізілмеген.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Толығырақ