Үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру және Астана қаласын аббаттандыру мен санитарлық тазартуды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне бақылау жүргізу шаралары туралы» мәселе қарастырылды
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өз баяндамасында Астана қаласының «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттарына жарықтандыру, санитарлық тазарту және елорданы аббаттандыруды қамтамасыз ету мақсаттарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындылары бойынша көрсетілген негізгі мәселелерге тоқталды.
Осылайша, Тексеру комиссиясының пікірі бойынша аббаттандыру саласындағы қызмет тиімділігі жетімсіздігінің негізгі себептері жұмыс жүргізу үрдістерін жүйелейтін құжаттардың болмауы, сондай-ақ активтерді дұрыс есепке алмау болып табылады.
Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды жинастыруға тарифтерді әзірлеу және бекіту бойынша құзыреті жоқ.
Сонымен бірге, жүргізілген жұмыстардың сапасын бағалаудың, осы саладағы жұмыстардың (қызметтердің) құнын айқындаудың әдістемесі мен негізделген өлшемшарттарының болмауы, бөлінген қаражат есебінен қол жеткізу жоспарланған бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды қиындатады.
Ғ. Молдаш, сондай-ақ, тиісті есепке алудың жеткіліксіздігі бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне кері әсерін тигізіп, жекелеген жағдайларда олардың шығындарына әкеледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.