Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік органдарға «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Мемлекеттік органдарға «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары, «Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың елордадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын үй құрылысының тұрақты қарқынының сақталуына оң әсерін тигізгенін көрсетті.
Сонымен бірге, аудит жүргізу барысында жоспарлау саласындағы жекелеген олқылықтарға, бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарына жол берілгені анықталды.
Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.