Үстіміздегі жылдың 24 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері «Тіл – парасат» атты қазақ тілі білгірлерінің қалалық байқауына қатысып, құрметті бірінші орынды иеленді
Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасымен ұйымдастырылды. Байқауға мемлекеттік мекемелер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарынан құралған 10 аса топ қатысты.
Сайыстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, мамандардың біліктілігі мен мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу сапасын арттыру, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеу болып табылады.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, «Терминдер әлемі», Мағжан Жұмабаевтың туындыларын оқу және «Салт-дәстүрлер» бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Қаржы сақшылары» атауымен Тексеру комиссиясының тобы қазылар алқасы мен көрермендер үшін мемлекеттік органның миссиясын, қаланың қоғамдық өміріне атсалысуын таныстырды.
Бас жүлде үшін тобымыз ұлттық музыкалық аспап домбыралармен және құрметті дипломмен марапатталды.