Үстіміздегі жылдың 27 сәуірінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған бағдарламасының жекелеген бағыттарының Астана қаласында жүзеге асырылуын бағалау бойынша мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған бағдарламасының жекелеген бағыттарының Астана қаласында жүзеге асырылуын бағалауға жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары көрсеткендей, Астана қаласының орта білім саласында аталған Мемлекеттік бағдарлама жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатыр, нәтиже көрсеткіштері жоспарланған мерзімдерден ерте орындалуда.
Соңғы бес жыл көлемінде Астана қаласы түлектерінің ҰБТ тапсыру бойынша орташа көрсеткіштері орташа республикалық көрсеткіштен жоғары (2016 жылы – 89,2 балл, 2017 жылы – 84,6 балл).
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру елорданың даму қарқынының жоғары деңгейімен және оның тұрғындар санының артуымен сипатталады, бұл орта білім саласының дамуында тиісінше көрініс табады.
Көрсетілген факторлар Мемлекеттік бағдарламаның «Үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі, %» көрсеткішіне қол жеткізілмеуіне әсерін тигізді, бұл елорда мектептерінде оқушы орындары жетіспеушілігінің жоғары өсімімен шартталған.
Астана қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі – АДБ) жалпы орта білім бөлігінде жоспарлау және іске асыруда белгілі бір кемшіліктер бар: бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштері АДБ нысаналы индикаторларымен, ал жекелеген жағдайларда – қаржыландыру көлемдерімен өзара байланыстырылмаған.
Қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.