Құрметті тексерілетін субъектілер!
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік органмен белгіленген тексеруді тіркеу рәсімі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында электрондық актіні енгізу арқылы жеңілдетілгені жөнінде хабарлайды.
Тексеруді белгілеу туралы актіде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тіркеу туралы мөртабанының болмауы себепті кәсіпкерлер мен басқа да тексерілетін субъектілер арасында негізсіз алаңдаушылық туғызбау мақсатында, Сіздердің «QAMQOR» мобильдік қосымшасында тексеруге қатысатын тұлғалар, оның мерзімі, құқықтық негіздемесі, тексеру мәні туралы мәліметтерді тексеруге құқылы екендігіңізді хабардар етеміз.