Үстіміздегі жылдың 16 мамырында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылқтарының алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді
Семинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Б. Божбанов және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы О.Е. Мұсағали қатысты.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің алғысөзінде, сыбайлас жемқорлық дегеніміз – бұл ұлттық қауіпсіздігімізге елеулі нұқсан келтіретін қауіп екенін атап өтті. Онымен күресу – бүкіл қазақстандық қоғамның аса маңызды міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді мемлекеттік саясат жүргізудің түйінді элементі мемлекеттік қызметтің мінсіз жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші заңдарды басшылыққа алуы, нормативтік құқықтық актілерді бұлжытпай орындауы және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұра білуі тиіс.
Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі баптары, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар, мемлекеттік қызметті жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде ақпараттандырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкері қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған қысқаметражды фильмді ұсынды.
Семинар соңында қарастырылған мәселелер бойныша пікір алмасу жүргізілді.