Үстіміздегі жылдың 24 мамырында Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының отырысында өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2017 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі қарастырылып, бекітілді
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2017 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі барлық параметрлер бойынша бюджеттің атқарылуын талдауды, елордада бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалауды, сондай-ақ жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген бағалауды қамтиды.
Астана қаласы мәслихатының депутаттары Есепті қарастыру нәтижесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды сапалы әрі тиімді іске асыруды нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама талаптарын сақтай отырып, қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.