Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұсынымы және Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша VI шақырылымдағы Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясының шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлы тағайындалды
2018 жылғы 28 маусымда мәслихат сессиясында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Ақпомбаев Иманжүсіп Латкенұлының кандидатурасы бекітілді.
Сессия қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Ахметов Рашит Сайранұлы Тексеру комиссиясының ұжымына жаңа төрағаны таныстырды.
Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаевтың «экономика» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Соңғы 4 жылда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымында еңбек еткен.