Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік органдарға мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қоюға, оның ішінде сатып алу жолымен, сондай-ақ осымен байланысты жылжымайтын мүліктен айыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) және «Қалалық жылжымайтын мүлік» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі – Кәсіпорын) мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскелерiн алып қоюға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 28 434,2 мың теңгені құрады, ол Кәсіпорынмен бюджет кірісіне толық көлемде өтелді, сондай-ақ 20 736,1 млн. теңге сомасына 121 рәсімдік бұзушылық анықталды.
Мұнымен қоса, жоспарлау, бюджеттік және басқа да заңнама саласында бұзушылықтар анықталды.
Осылайша, стратегиялық құжаттар мен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды талдау барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін алып қою бойынша мақсаттары мен міндеттерін нақты белгілемейтіні, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті көрсеткіштердің жоқтығы анықталды, бұл міндеттерді шешу тиімділігі мен нәтижелерге қол жеткізілуіне тікелей әсер етеді.
Мәселен, Астана қаласын дамыту бағдарламасына қол жеткізілгенін немесе жеткізілмегенін бағалау мүмкін емес, себебі Дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларында сандық және/немесе сапалық көрсеткіштер көзделмеген.
Бюджеттік өтінімдерді аудиттеу нақты негіздемелер мен есептеулердің жоқтығын, оларды қалыптастыру барысы үстіртін қаралатынын анықтады. Басқармамен бюджеттік өтінімдерді дамыту бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің хаттары мен өтінімдері негізінде қалыптастырады, өтемақы төлемдерінің көлемі қалыптасқан тәжірибе негізінде есептеледі, ал жекелеген жағдайларда көзбен шолып тексеру жылжымайтын мүлікке кірусіз жүргізіліп, бұл ретте қызметкерлердің көзбен шолып тексеру жүргізгені туралы қандай да бір растайтын құжаттар жасалмайды.
Кәсіпорынмен және Басқармамен бюджет қаражатын әкімшілендіру және пайдалану кезінде рәсімдік сипаттағы көптеген бұзушылықтар жіберіледі, олар мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін теріс бағалауға әкелуі мүмкін (сатып алу шарттарын уақтылы жолдамау, меншік иелеріне өтемақыны белгіленген уақытында төлемеу, бөліп төлеу және т.б.).
Мемлекеттік аудит барысында Кәсіпорынмен Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі №166/21-VI шешімімен бекітілген Астана қаласын аббатандыру қағидалары толықтай орындалмайтыны анықталды.
Кәсіпорын көпшілік жағдайда нақты сырып тастауды жүзеге асыратын мердігерлерден орындалған жұмыстар актілерін құрылыс қоқыстарын жою туралы растайтын құжаттарынсыз қабылдайды.
Сондай-ақ, алып қойылған жер учаскелерін мемлекеттік меншікке уақтылы бермеу фактілері байқалды. 2016-2017 жылдар кезеңінде 59 жер учаскесіне меншік құқығы тіркелмеген.
Аудитпен Кәсіпорында мемлекеттік қажеттілік үшін мәжбүрлеп алынып қойған жер учаскелері бойынша орындалмаған сот шешімдерінің бар екендігі анықталды. Осыған байланысты, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Кәсіпорынның 24 жеке және заңды тұлға (алынып қойған жер учаскелерінің меншік иелері) алдында 2012 жылдан бері келе жатқан 388 545,0 мың теңге жалпы сомасына кредиторлық берешегі қалыптасқан.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.