«Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу» тақырыбына техникалық оқу
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК директорының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор Алтай Болтайханұлы Зейнелғабдиннің қатысуымен «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу» тақырыбына техникалық оқу өткізілді.
Техникалық оқу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларға негізгі жаңа енгізулер жөнінде айтылды.
Сонымен қатар, жаңа ұғымдық терминдерді енгізу және аудиторлық іс-шараларды жүргізудің негізгі аспектілері бөлігінде енгізуге жоспарланған өзгерістер айтылды.