Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Астана қаласының орта және мектепке дейінгі білім беру саласы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді
Семинар-кеңеске Астана қаласы мәслихатының депутаттары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылары, сондай-ақ елорданың балабақшалары мен орта мектептерінің басшылары қатысты.
Тексеру комиссиясының басшысы И. Ақпомбаев өз сөзінде мектепке дейінгі және орта білім беру саласында аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында анықталатын негізгі проблемаларды, жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерді атап өтті.
Сонымен қатар, семинарда Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Лебо, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Е. Рашидов, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы орынбасарының м.а. Н. Жулеуов сөз сөйледі.
Соңғы үш жылда Тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шаралар аясында 77 білім беру ұйымы 72 776,6 млн.теңге жалпы қамту сомасымен тексеріліп, онда 4 474,1 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 3 006,6 млн.теңге жалпы сомасына 783 бірлік рәсімдік бұзушылық анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау жыл сайын елорданың балабақшалары мен орта мектептерінің көбінде бірдей бұзушылықтар мен кемшіліктер қайталанып жіберілетінін көрсетіп отыр.
Осылайша, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жасау саласындағы бұзушылықтар жүйелі сипат алған, атағанда 2016-2018 жылдары 4 439,5 млн.теңге жалпы сомасына бұзушылықтар анықталды, мемлекеттік сатып алу саласында - 858,1 млн.теңге сомасына, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамаудың 52 фактісі орын алған.
Қала балабақшалары мен орта мектептерінің төмен материалдық-техникалық қамсыздандырылуы атап өтіледі.
Мәселен, елорда мектептерінің түрлі бағыттар бойынша жарақтандырылуы 22%-дан 92%-ға дейін ауытқиды, ал балабақшаларда көпшілік жағдайда 80%-дан аспайды.
Сөз сөйлеген лауазымды тұлғалар бұзушылықтардың алдын алу, қаржылық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша, сондай-ақ аудит объектілерінің құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндірме берді.
Тексеру комиссиясымен түрлі бағыттар бойынша тұрақты түрде өткізілетін осындай кездесулер келелі мәселелер мен кемшіліктердің себептерін анықтауға, сонымен қатар олардың кері әсерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Пікір мен ой талқыға салынатын аталмыш іс-шаралар барысында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудың пәрменді тетіктері әзірленеді.