Үстіміздегі жылдың 26 желтоқсанында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде семинар өтті
Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысының орынбасары Ким Роман Юрьевич қатысты.
Тексеру комиссиясының төрағасы И. Ақпомбаев өз сөзінде қарастырылып жатқан мәселелердің маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекет саясатының басымдылығын атап өтті.
Ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және халық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары білікті және адамгершілігі мен әдептілігі жоғары мемлекеттік аппаратты құруға тікелей байланысты және басым міндеттердің бірі халық арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.
Осылайша, Тексеру комиссиясы өз қызметінің ерекшелігіне қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында тұрақты негізде Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарының, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған материалдар жарияланады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және орындау жолымен жүргізіледі. Аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жыл бойы Тексеру комиссиясының қызметкерлері мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ұйымдастыратын біліктілікті арттыру курстарына жіберілді.
Сондай-ақ тұрақты негізде құқықтық жалпы оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді зерделеу қамтамасыз етіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілі (Р. Ю. Ким) сөз сөйледі, семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ туындаған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Тақырыптық кездесулер өткізу бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін нығайтуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде пәрменді тетіктердің бірі болып табылады.