Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың 17 ақпаны мен 5 мамыры аралығында өткен Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік қызметшілері арасындағы жыл сайынғы спартакиадаға белсенді атсалысты

Спартакиада спорттың 12 түрінен өтті, соның ішінде: шаңғы жарысы, шахмат, дойбы, үстел теннисі, бильярд, волейбол, асық ату және бес асық, қол күресі, жазғы Президенттік көпсайыс, арқан тарту, эстафета, мини-футбол.

Тексеру комиссиясының қызметкерлері 4 спорт түрі бойынша жүлделі орындарға ие болды, атап айтқанда: жазғы Президенттік көпсайыс – 1-орын (Бертаев Т.Е., Жарасбаев Қ.А., Мұсабаева С.С.), эстафета – 2-орын ( Қуанышбаева Т.С., Шахимов А.М., Рахымжанов М.Х., Мұсабаева С.С.), шаңғы жарысы – 3-орын (Шахимов А.М.), бес асық – 3-орын (Қаскабаева Г.Н., Дүйсекина С.А., Мұхтарханова Г.С.).